Жаңалықтар

Баян Есентаева Қайрат Нұртасты көре алмайтындардың көп екенін айтты

Қайрат Нұртас Астанада өткен концертінде ресейлік жұлдыз Нюшаны қазақша ән салдыртып, жұртшылықты тамсандырды. Әншінің бұл жетістігін көпшілік жақсы қабылдаса да, Баян Есентаева Қайраттың қуанышын көре алмайтындардың көп екенін айтты.

“Ел аузында адам баласы өзгенің жетістігін кешіре алмайды, көре алмайды деген сөз бар. Пендеге ең қиыны сол. Қайраттың да жетістігін көре алмаушылар көп. Бұл шындық, оны жасырудың қажеті жоқ. Көпшілік күткендей, концертке Қайратты тыңдау үшін келген көрерменнің санында шек болған жоқ. Бұл Қазақстанның шоу-бизнес тарихында қалатын ғаламат оқиға”, – деп ағынан жарылды Есентаева.

“Қайрат, сен үшін қуаныштымын, бұдан да үлкен жеңістер тілеймін, алар асуың көп болсын”, – деп тіледі белгілі продюсер.

Есентаеваның сөзінен кейін Қайрат Нұртасты ұнатпайтын жандардың өзі әншінің бағындырған белесін мойындайтынын айтқан.

“Мен Қайратты тыңдаймын деп айта алмаймын. Оның әндері маған ұнамайды. Бірақ, мен Қайраттың еңбекқорлығын мойындаймын. Анасының аянбай тер төккеніне ризамын. Барлық аналар баласы үшін мұндей ерлікке бара алмайды. Анасы Қайратқа талмай еңбек етуді үйретті”, – деп жазады ғаламтор қолданушысы.

“Қайрат қазақ өнеріндегі Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева секілді аңыз тұлғаларды басып озды. Айтулы әртістеріміз оның көлеңкесінде қалып қойды”, – деп жазады тағы бір жанкүйер.

Ақпарат: www.nur.kz

Пікірлерді оқу (2)

2 пікір

  1. Кулян

    16.12.2015 , 00:06

    Кайратты Р.Рыбаева Ә.Дінішев т.б. сияқты өнер тұлғаларға теңдестіріп керегі жоқ.Дауысы болған мен орындайтын әндері тарихта қалмайды.Жуырда берген концерті оте уят.Бозбаланың концерті.

  2. Дарига

    17.12.2015 , 12:54

    Мен сізбен келіспеймін,әр адамның ,сол сияқты әр әншінің өмірде ,сахнада өз орны бар деймін. Қайрат Әлібек Дінішев,Роза Рымбаеваларды басып озды деу артық болар.

Бөлімнің басқа жаңалықтары

hnvewkbi.i3bkipyat-com028

MC SAILAUBEK x ШYNGYS x БӘКЕ — Азат Елдің Ұлдары

48 рет оқылды18.12.2015
AvjV-5iFURluCK24zxSxCrIemo9f_gTEmELrFcnuRl-r

Алматыда Қайрат Нұртастың 10 жылдық мерейтойлық концерті өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

150 рет оқылды18.12.2015
photo_23009

12 жастағы қазақстандық Bala Turkvizyon конкурсының «Алтын дауыс» титулын жеңіп алды

116 рет оқылды18.12.2015
photo_23008

Instagram желісінде ең танымал қазақстандық жұлдыздар

153 рет оқылды18.12.2015
Кәмшат Қоскелова: Ақбілек пен Жамалдың бейнесін сомдағым келеді

Кәмшат Қоскелова: Ақбілек пен Жамалдың бейнесін сомдағым келеді

121 рет оқылды18.12.2015
Бауыржан Байбек қазақ тіліндегі «Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы» фильмінің тұсау кесеріне қатысты (ВИДЕО,ФОТО)

Бауыржан Байбек қазақ тіліндегі «Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы» фильмінің тұсау кесеріне қатысты

41 рет оқылды18.12.2015