Рахат-Би Әбдісағын – туындысы беделді басылымның бетіне шыққан еліміздің алғашқы композиторы. Бұл басылымда әлемнің тек танымал тұлғаларының заманауи туындылары жарық көреді. Атап айтқанда Бах, Моцарт, Шопен секілді композиторлардың шығармашылығы жарияланған екен. Енді Рахат-Бидің «Живопись в звуках» туындысын да осы журналдың мұқабасынан таба аласыздар.
«Біздің басылымнан ағылшын, қытай, италия елдерінің композиторларын таба аласыздар. Ал Қазақстаннан тіркелген бірінші композиция Рахат-Бидікі. Біз қазақстандықпен келісімшарт жасағанымызға қуаныштымыз»,- деді аталмыш журнал редакторы Кристоф Таггатц
Ал жас композитордың өзі «Үлкен арманым Қазақстанды таныту. Қазақтың ән әлемін дүниежүзіне танытқым келеді»,- деді өз сөзінде.
Айта кетейік, Әбдісағын Рахат-Би 18 жасына дейін магистратураны аяқтап, 100-ге тарта туынды жазған.