Жаңалықтар

Мақпал Жүнісова Қазақстаннан кете ме?

Өткен аптада халықтың ерке қызы атанған әнші Мақпал Жүнісованың «Елімнен кететін шығармын» деген тақырыпта шыққан сұхбаты елді дүр сілкіндірді. Ғаламтор қолданушылары әншінің не себепті олай дегеніне таң қалысты. Tengrinews.kz тілшісіне Мақпал Жүнісова өз сөзін басқа мағынада айтқандығын, елден ешқайда кетпейтіндігін мәлімдеген.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Мақпал Жүнісова: «Ол тақырыпты мен қойған жоқпын. Журналистердің сондай тәсілдері бар екен ғой… Енді өзіміз де зейнеткерлік жасына жақындап қалдық, ауылға барып тұрамыз ба, басқа мемлекетке барып тұрамыз ба деген сияқты өзімде ой болған. Үзілді-кесілді, түбегейлі мен өз елімді тастап қайда барамын? Менде бір ғана Отан бар, ол — Қазақстан. Менде басқа Отан жоқ. Сондай сұрақ болғанда солай жауап берген едім», — деп түсіндірді.

Айта кетейік, Мақпал Жүнісованың қазақ сахнасының әсем әндерімен тыңдарман көңілінен шығып жүргеніне биыл 35 жыл. Осы мерейлі мерекеге орай әнші Қазақстанның көптеген қалаларында жеке ән кешін өткәзбекші. Мақпал небәрі 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 31 жасында Қазақстанның халық әртісі атанған елдің сүйікті әншісі. Көптеген халықаралық байқаулардыңмдың гран-при иегері болған. Атап айтсақ,  1981 жылы Днепропетровск қаласында өткен бүкілодақтық конкурста бас жүлдені иеленіп КСРО-ның ең үздік әйел әншілерінің үздік ондығы кірген. Міне, сол уақыттан бері елдің ыстық ықыласына бөленіп жүрген бірегей әнші.

 

Пікір жазыңыз
Жаңалықтар
1 261 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

men

Қазақстанның ең бай әншісі туған күнін тойлауда

466 рет оқылды26.02.2016
skolko-poluchaet-andrej-arshavin-v-kubani

Андрей Аршавин «Қайрат» сапында ойнайтын болды

93 рет оқылды26.02.2016
кеш

«КешYOU» тобының жаңа бейнебаяны шықты

313 рет оқылды26.02.2016
f2JEcSXqgHo

Бибігүл Ақтан жабайы аңдарды қорғау ұйымының өкілі атанды

118 рет оқылды26.02.2016
maxresdefault

«16 қыз» фильмінің тұсаукесері Қарағандыда өтті

250 рет оқылды26.02.2016
Мархаба

Мархаба Сәбиева сәтсіз туындысын Мақпал Исабековаға сыйлады

605 рет оқылды26.02.2016