Шоу-бизнес

«BalaTurkvizyon» Халықаралық балалар әні байқауының Алматы облысы бойынша жартылай финалисті анықталды

Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының жобасы «Bala Turkvizyon-Қазақстан» халықаралық балалар әні байқауының соңғы Ұлттық іріктеу кезеңі Алматы облысында өз мәресіне жетті. Аталмыш қор әлеуметтік, білім, мәдениет саласындағы жобалар арқылы қазақстандық жастардың шығармашылық дамуына қолдау көрсетуде.

Он алтыншы аймақтық іріктеу Талдықорған қаласында өтті. Алматы облысының 100-ден аса өнерпазы Жетісудың орталығына облыс намысын республикалық байқаудың финалында қорғау үшін арнайы келді. Ресми тіркелуден кейін қатысушылар байқаудың телевизиялық күнделіктерінің жүргізушілері Аида мен Ержанды қарсы алды «Bala Turkvizyon-Қазақстан» байқауының автобусына қарсы алды. Ал, содан кейін әртүрлі ойындар, флешмоб, би және фотосессия болса, бір өнерпаздар пазллдар арқылы байқау логотипын құрады. Сол сәтте «Мен Жұлдыз» вокалдық студиясының өнерпаздары көшеде ән салып дайындалып, көшеде жүрген халықтың көңілін көтерді. Олар жетекшілері Серікжамал Әжібековамен келіп, ең көп құраммен келген топтар қатарында болды. Біз «Bala Turkvizyon» байқауы туралы естігеннен кейін, жаз бойы дайындалдық. Біздің студияны жөндеу жұмыстарына байланысты, жазда жапқан еді. Сондықтан дайындалуға күнде саябаққа бардық, өте көңілді болды. Балалар үлкен әсер алды, байқау өз жалғасын тауып, қазақстандық өнерпаздардың бағын аша берсін. Музыкалық студияда қырық бес оқушы бар. Вокалдан бөлек хореография, актерлік шеберлікпен де айналысады. Олар бүгін «жұлдызды тәлімгерлер» алдында барынша өз өнерлерін көрсете білді.

Он екі жастағы Нұрбек Нұрым Ұзынағаш ауылынан «Ұзынағаш» өнер мектебінде бірге тәлім алатын жерлестерімен бірге келді. Ол эстрада-вокал сыныбында және фортепианода ойнауды кәсіби түрде үйренуде. Жол көрсететін жектешісі Қыдырбек Әкімжанов. Байқауға өнерпаз Сәкен Майғазиевтің орындауындағы «Асыл ана» әні мен «Саната Лючия» ариясын дайындап келіпті. «Біз байқауға 250 км қашықтықты артқа тастап келдік. Бекер келген жоқпыз. Біздің шәкірттеріміз өнер адамдарымен танысып, телевизиялық түсірілімдерге түсіп, өз өнерлерін көрсетті. Олар өте қуанышты. Ұйымдастырушылар алқасының балаларға жасаған осындай үлкен сыйына алғыс айтамыз» – дейді жетекшілері.

Үлкен сахнада танымал болуды іріктеуге келген әр бала армандайды. Құлшыныстан бөлек, жетістікке жету үшін: вокалдық шеберлік, сахнада өзін-өзі ұстай білу, харизма керек. Дәл осындай баланы қазылар алқасының мүшелері – әнші Марсель Альсеитов, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші, композитор Марат Омаров және JCS тобының мүшесі Абай Ракишев іздеді. Алматы облысы бойынша жартылай финал жеңімпазы болып Жаркент қаласының тұрғыны Ақжан Байзақ танылды. Ол 12 жаста. Көпбалалы отбасының көптен күткен және кенже балалары. Баланың анасы Айжан Байзақтың айтуынша, ұлы үш жасынан бастап ән сала бастаған және алғаш орындаған әндері де сөздері күрделі халық әндері болған екен. «Негізінде, Ақжанның өжет мінезі мен қайсарлығының, шапшаңдығының арқасында армандары орындалуда. Музыкалық білімі жоқ болса да көптеген байқауларың жеңімпазы атанып үлгерді» дейді анасы. Ол қалалық мерекелер мен концерттердің тұрақты қонағы болып табылады. Әннен бөлек, Ақжан спортпен де айналысады: грек-рим күресі мен суға секіру дегендей. «Жаттықтуырушысы да баланың спортта жетістіктерінің жақсы екенін айтып, вокалға дайындыққа жібергісі келмейді» дейді анасы. Ал Ақжанның айтуы бойынша, спортпен шұғылдану оның сахнада сымбатты көрінуіне септігін тигізеді екен. Ол Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Серік Ибрагимовты үлгі тұтады. Жақында ол кларнет сыныбы бойынша музыка мектебінде оқуын жалғастырады.

Ақжан Байзақ 13 тамыз күні Алматыдағы «Жұлдызды үйге» Ұлттық іріктеудің финалына дайындалуға келеді. Ұлттық іріктеудің финалы Астана қаласында қыркүйектің 16-17 күндері өтеді. Аймақтық іріктеулер өз мәресіне жетті, бірақ, «Bala Turkvizyon-Қазақстан» жартылай финал жеңімпаздарын алда қызу дайындық және Түркияның Стамбул қаласында түркітілді 20 елдің арасында өтетін үлкен додада ел намысын қорғау мүмкіндігі күтуде.

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

z_69c0d7eb

Жадыра Кутпанова көпшілікке қызының суретін көрсетті

24 рет оқылды20.08.2015
xhMjFKkfdfQ

Зарина Омарова сахнаға қайта оралды

41 рет оқылды18.08.2015
IQRLc4a6qi4

Арман мен Аша отбасын құрады

67 рет оқылды18.08.2015
eYdmnR2pNcM

«Bala Turkvizyon» байқауының аймақтық жеңімпаздары «Бөбек» жұлдызды үйіне қоныстанды

28 рет оқылды15.08.2015
IONCRYBWoe4

Әліби Жұмағұловқа бейнебаян арнаған рэперді белгісіз біреулер соққыға жыққан

1 935 рет оқылды15.08.2015
QNBbMapnMSw

Баян Есентаеваның қызы сынға ілікті

4 236 рет оқылды15.08.2015