Шоу-бизнес

Серікболдың концертінде өрт шықты

Халыққа тегін өнер көрсетіп жүрген әнші Серікбол Сайлаубектің Есік қаласында берген концертінде өрт шықты.

Осы орайда мәселің мән-жайын әншінің PR-менеджері Ринат Тәттібайдан сұрап, толығырақ білген едік.

«Серікбол 24 шілде күні Есік қаласының орталық алаңында тегін концерт берген болатын.  Оның әрбір кешінен соң міндетті түрде отшашу атылады. Сол күні отшашу дұрыс атылмай, алаң жанындағы бір үйдің шөп жиналған қорасына түсіп кетіп, өрт шыққан.  Бірақ, барлығы дер кезінде өшіріп үлгерген. Алла сақтап, зардап шеккен адам жоқ. Отшашуға Серікболдың Шыңғыс деген інісі жауапты болған.  Үй иесі түсініп, ұйымдастырушыларды кешірді. Осы оқиғадан кейін Серікбол қатты қорқып қалғанын және кеш берудің оңай емес екенін айтып отыр.  Бұл оның гастрольдік сапар кезіндегі екінші сәтсіз оқиғасы болды. Осының алдында Топар ауылында болған концерттен кейін әріптестері ұмытып кетіп, түнде 30 км  жаяу жүруіне тура келген. Олар әрбір кештен соң уақыттың тығыздығына байланысты асығып, тездетіп шығуға тырысады. Сол кезде жанындағылар  оның жанкүйерлерімен суретке түсіп жатқанын байқамай, қалдырып кеткен. Міне, осындай жағдайлар болды. Дегенмен, ол жылдың соңына дейін елімізді аралап шығуды жоспарлап отыр. Бүгінгі Шамалғанда болған концертіне 3000 адам келіпті»,- дейді Ринат Тәттібай болған оқиғаға байланысты.

Біз әншіге алда сәттілік серік болсын дегіміз келеді.

rDRXJ-B5RQE

4Gl_S_qOZKM

KsRt2irfZHQ

32nIHqvPStc

igETz7twF1s

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

IONCRYBWoe4

Әліби Жұмағұловқа бейнебаян арнаған рэперді белгісіз біреулер соққыға жыққан

1 906 рет оқылды15.08.2015
QNBbMapnMSw

Баян Есентаеваның қызы сынға ілікті

4 174 рет оқылды15.08.2015
unnamed (34)

Теледидардан көрінбей кеткен Нартай Аралбайұлы «Алматы» телеарнасының бір бөліміне басшы боп сайланды. Жеке бағдарламасын да ашты…

645 рет оқылды15.08.2015
avadi

Жамалиевтің туыстары танымал тележүргізуші Динара Сәтжанға қоқан-лоқы көрсетті

3 232 рет оқылды12.08.2015
1439189849tgk1s-560x310

МС Сайлаубек продюсер тапты

2 016 рет оқылды12.08.2015
686f4675e4ed3c651755b00f68237848_L

Cазгер Марат Омаров үстел теннисіне арнап әнұран жазып шықты

180 рет оқылды11.08.2015