Шоу-бизнес

Ғаламторда Сәбит пен Алтынайдың отау құрған күні түсірілген видео пайда болды

Ғаламторда Сәбит пен Алтынайдың отау құрған күні түсірілген видео пайда болды. Осы орайда Baistars сол видеоны оқырман назарына ұсына отырып, бақытты отбасы жайлы мынандай деректермен бөліседі.

Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар жұлдызды жұп – Сәбит Әбдіхалықов пен Алтынай Жорабаеваның отау құрғанына бірнеше жыл болды.

 2001 жылы Алтынай «Азия дауысы» байқауының лауреаты атанған және осы кезде болашақ жарымен танысқан. Көп ұзамай қос ғашық отбасын құрған.

Бүгінде Сәбит пен қазақ эстрадасында «Батыр ана» атанып жүрген Алтынай  Аяулым, Айнара, Семанұр, Көркем есімді 4 қызды тәрбиелеп отырған үлгілі отбасылардың бірі.

Әнші өзін бақытты әйел санайды. Бірде баспасөз бетіне берген бір сұхбатында осы жайлы баяндаған болатын. «Мен ешкімнің өміріне қызықпаймын. Өйткені өз өмірім бәрінен қызық. Шаттыққа бөленген отбасым, өмірімді жалғастыратын бала-шағам бар. Ендеше, мен неге өзгенің өміріне қызығуым керек?! Алла көп көрмесін, мен бақытқа бөленген әйелмін», — дейді. Сондай-ақ, «Сәбит қанша жерден эмоцияның адамы болғанымен, отбасы мәселесіне келгенде ерекше мейірімді»,- деп жарының мінезін де жасырмайды.

Өз кезегінде Сәбит Алтынайды алғаш көргенде оның таланты мен даусына қызыққанын және бүгінде ол балаларына, үй шаруасына ұқыпты, жауапты әйел екенін айтады.

Сәбит Әбдіхалықов кино индустриясын тың туындыларымен толықтырып, дамуына өз үлесін қосқан  режиссер. Оның комедия жанрындағы «Қанталапай», «Несиеге махаббат» фильмдері  көрерменнің оң  бағасын алды. Сонымен қатар біраз жыл «Тамаша», «Бауыржан шоу» «Мафия мен Тақия» театрларында өнер көрсеткен актер. Қазір Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының  басшысы. Ал аяулы жары  әсем әндерімен халықтың көңілінен шығып жүрген  талантты әнші.



6723f2

1353492378

 

BpvnRqwJUOE

 

PWAL9jrzyFY

 

zCpPdjtUYMI

s2Mzz3rdJaM

 

1414448711_l

 

b50FCrxenb8

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

IONCRYBWoe4

Әліби Жұмағұловқа бейнебаян арнаған рэперді белгісіз біреулер соққыға жыққан

1 906 рет оқылды15.08.2015
QNBbMapnMSw

Баян Есентаеваның қызы сынға ілікті

4 173 рет оқылды15.08.2015
unnamed (34)

Теледидардан көрінбей кеткен Нартай Аралбайұлы «Алматы» телеарнасының бір бөліміне басшы боп сайланды. Жеке бағдарламасын да ашты…

645 рет оқылды15.08.2015
avadi

Жамалиевтің туыстары танымал тележүргізуші Динара Сәтжанға қоқан-лоқы көрсетті

3 232 рет оқылды12.08.2015
1439189849tgk1s-560x310

МС Сайлаубек продюсер тапты

2 016 рет оқылды12.08.2015
686f4675e4ed3c651755b00f68237848_L

Cазгер Марат Омаров үстел теннисіне арнап әнұран жазып шықты

180 рет оқылды11.08.2015