Гостиницы в Алматы
2017-05-13 02:19:27 24 0

"Барселона" шабуылшысы клуб басшылығына Хуан Карлос Унсуэмен жұмыс істеуін тоқтатпаса кететіндігін айтып қорқытқан.

"Егер Унсуэ "Барселонада" қалса, мен клубтан кетемін", - дейді Неймар.

Наурыздың басында Унсуэ келесі маусымда Луис Энрикенің орнына келетіндігін мәлімдеген болатын. Бұл жайында vesti.kz сайты хабарлады.

Неймар мен Унсуэ өткен аптада жаттығу кезінде жанжалдасып қалған. Бапкер бразилиялық футболшыға есін басқа жаққа аудармай, жаттығуға көбірек көңіл бөлу керектігін, әйтпесе жерлесі Рональдинио сияқты болатынын ескерткен. Бапкердің сөзінше, Рональдинио үздік ойыншы бола тұрып, жоғары деңгейге жете алмаған. Бұл ескерту Неймардың ашуын келтірген еді.

 

Пікір жазу