Гостиницы в Алматы
2017-05-14 13:19:56 34 0

Португалиялық әнші Сальвадор Собрал Киевтегі "Eurovision-2017" музыкалық конкурсының жеңімпазы атанды.

Ол көрермендер мен ұлттық қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша, Собрал Amar Pelos Dois әнімен 758 ұпай жинаған. Бұл жайында  tengrinews.kz хабарлады.  Айта кететіні, Сальвадор Собрал жүрек ауруына байланысты конкурстың ашылуына 7 мамырда ғана келген және дайындықтарға қатыса алмаған. Бала кезінен жүрегі 27 жастағы ауыратын әнші, БАҚ-тың мәліметінше, жыл соңына дейін донор табуы тиіс.

Ал  екінші орынды 615 ұпай жинаған қазақтың жиені, болгарлық Кристиан Костов алды. Үшінші орынға бельгиялық әнші Blanche лайық деп танылды.

Пікір жазу