Гостиницы в Алматы
2014-07-14 14:45:37 1506 0

Сән үдерісі – тек жаңаны көрсету, жаңа дүниелерді паш етумен шектелмейді. Сән үшін оның тарихына үңілу, өткенді жаңғырту маңызды болып есептеледі. Сән туралы өте қызықты фактілер көп. Бірін білсек, бірін білмей жатамыз.

1. Күннен қорғайтын көзілдіріктер

Күннен қорғайтын кәдімгі көзілдіріктер XX  ғасырдан бастап өте өзекті бола бастады. Алғаш рет кино өнерінің жұлдыздары фильмге түсер кездегі тым жарық сәулелерден қорғану үшін кие бастаған. Сол уақыттан бері көзілдіріктің күннен қорғайтын түрлері қарапайым адамдар арасында кеңінен таралып, сәнді аксесуардың біріне айналғалы қашан.

         2.«Винтаж» және «ретро»

Сән әлеміндегі бұл ұғымдарды ажырата білеміз бе? Сән танушы мамандардың айтуынша «винтаж» – ХХ ғасырдың 60-жылдарына дейінгі киім үлгілері, сол кезеңнің стилі, ал «ретро»стилі деп одан да өте ерте кезге жататын киімдерді, заттарды айтамыз.

3. Сән көрсетілімдері туралы

Қазіргі таңда сән көрсетілімдеріне қомақты ақша көздері жұмсалады. Ал ХVI ғасырда сәнгерлер өз шығындарын барынша азайтуға тырысқан. Сән топтамаларын көрсету үшін манекенщицалардың көмегін қажет етпеген. Себебі барлық киімдер қуыршақтардың көмегімен таныстыратын болған. "Манекен" және «модель» түсініктері тек ХІХ ғасырда ғана пайда болды.

4. Костюм жеңдеріндегі түймелер

Ерлерге және әйелдерге арналған сәнді костюмдердің жеңіне түймелердің неліктен тігілетіні жайлы ойланып көрдіңіз бе? Бұл түймелер алғаш рет Наполеон Бонапарттың бұйрығымен пайда болған екен. Қалай? Француз әскерлеріне суық тигенде, тұмау болғанда жеңдерімен мұрындарын сүртпес үшін, яғни осындай жағымсыз әрекет жасамас үшін тігілген көрінеді. Бүгінгі күні киімнің көптеген түрлері жеңіндегі түймелерімен ерекшеленеді және бұл сәнді әрі заманауи болып есептеледі.

5. Жасанды кірпіктер

Бүгінгі күні аса көп қолданылатын жасанды кірпіктер ең алғаш рет 1916 жылы Дэвид Гриффиттің «Нетерпимость» атты фильмінде қолданылды. Жасанды кірпік адамның шаштарынан жасалатын болған.

6. Смокинг қалай пайда болған?

Смокинг сөзі ағылшынның «smoking» – темекі тарту деген сөзінен шыққан. Ақсүйектер қоғамында ер адамдар темекі шегетін кезде киімдеріне темекі иісі сіңіп қалмас үшін арнайы киімдер киетін болған. Сондай-ақ темекінің ыстық шоғынан  қорғау мақсатында пайдаланылған смокингтер уақыт өте келе кең таралып, мерекелік шаралардың ең басты сәні болып қалыптасып кетті.

 

         7. Күнге күю сәні

Күнге күюде сәнге айналдырған да Коко Шанель болатын. Бұл әдейі емес, кездейсоқ болған оқиға еді. 1923 жылы Коко кемемен саяхатқа шыққанда денесі күнге күйіп, қарайып шыға келеді. Мұны көрген сәнқой әйелдер мұны “Коконың тағы да ойлап тапқан сәні” деп түсініп, күнге күюді әдетке айналдырады.

Пікір жазу