Бұл туралы Димаш өзінің парақшасында бөлісті.
"Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды!" - деп жазады ол.
Димаштың айтуынша, Джеки Чан оған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартқан. Қазақстандық әнші қазақтың шапанын жауып, домбыра сыйлаған.
"Бала кезімнен бері келе жатқан сүйікті актерім маған өз ақыл кеңестерін беріп, шығармашылығымды бақылайтынын айтты. Сөз соңында, барша Қазақстан xалқын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әдемі лебіз-тілегін білдірді!" - дейді Димаш Құдайбергенов.
Димаш Құдайбергенов 4 ақпан күні Қытайдың "Singer" жобасының үшінші кезеңіне қатысып, үшінші орын алды. Жалпы есепте бірінші болып тұр.
28 қаңтар күні Димаш Қытайдың Hunan TV арнасында тікелей эфир арқылы "Singer" жобасы аясында "Опера №2" әнін айтып, кезең бойынша бірінші орын алған еді.
Алғашқы кезеңде Димаш Құдайбергенов француз тіліндегі "SOS d'un terrien en détresse" әнін орындап, көрермендер қошеметіне бөленді. Қытайлық музыка мамандары оны "Тәңір назарына алған әнші" деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады. Жергілікті компания әншінің құрметіне смартфон шығарды, сонымен қатар "Димаш" және "Қазақстан" Қытай интернетінде жиі ізделінетін сөздер қатарына енді.
"Singer" жобасының көрсетілім кестесі туралы осы сілтемеден біле аласыздар.