Бүгін «Алматы аруы — 2015″ байқауының финалы өтті.
Байқау нәтижесі бойынша Регина Вальтер «Алматы аруы» титулын иеленіп, жеңімпаз атанды. Енді ол «Дүниежүзі аруы» байқауында еліміздің намысын қорғайды. Сонымен қатар, тағы бес сұлу «Қазақстан аруы» байқауына қатысу мүмкіндігін алды. Кейіннен «Қазақстан аруы» атанған қыз «Әлем аруына» барады.
Айта кетейік, ақтық финалда 12 ару бақ сынады. Қыздар кешкі және дизайнерлік көйлектер киіп шықты. Сонымен қатар, өз таланттарын паш етті.
Ең әдемі аруды әділ қазылар алқасы таңдады. Олардың құрамында Muzzone телеарнасының директоры Әділжан Садықов, «Қазақстан аруы» байқауының директоры Алена Қырбасова-Ривлина, мейрамхана иелері Мұхтар Жүнісов пен Александр Орлов, «Қазақстан аруы-2014″ Регина Вандышева, дизайнер Аида Қауменова, визажист Айнұр Рыспекова, фотограф Данил Олейник, шоумен әрі актер Нұртас Адамбаев, продюсер Баян Есентаева, балерина Сәуле Рахметова және скрипкашы Жәмила Серкебаева болды.






Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS