Лара Фабиан Димаш Құдайбергеновтің "Singer" жобасының алтыншы кезеңінде "Адажио" әнін орындағаны туралы видео жариялап, пікір білдірді. Жазба әншінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарық көрді.
"Адажио" әлемді шарлап жүр. Димаш Құдайбергеновті қытай ТВ-сындағы "I am a singer" жарысында көрсеткен өнерімен құттықтаймын", - делінген жазбада.
Димаш Құдайбергенов "Singer" байқауының барлығы алты кезеңіне қатысты. Эфирден көрсетілген 6-кезеңде қазақстандық әнші "Адажио" әнін орындап, бірінші орын алған болатын.

Пікірлер