Гостиницы в Алматы
2017-02-07 13:29:39 1789 0

Қытайдың танымал медиасы "ХуанЧю ШиБао" Димаш Құдайбергеновтың жеке өміріне қатысты материал жариялады. Мақалада Димаштың сүйікті қызы бар екендігі туралы айтылған. 

"Шындығына келсек, күйеулеріңіз Димаштың ("күйеулеріңіз" деп басылым фанаттарды кекетіп жатыр - Baistars) сүйікті қызы бар", - деп жазады "ХуанЧю ШиБао".

Суреттер Instagram әлеуметтік желісіндегі Нұрсәуле Әубәкірова (nursaule_aubakirova) есімді қолданушының парақшасынан алынған сыңайлы. Қазір бұл аккаунт жойылған.

Мақала қытай әлеуметтік желілерінде үлкен негатив туғызды. Димаштың фанаттары жалған ақпарат таратпауды талап етіп, фотосуреттер монтаж, қолдан жасалған деп мәлімдеуде.

"Өтірік ақпарат таратпай тұрып, фактінің шын екеніне көз жеткізіп алсаңыздаршы", "Қызы болса, қызы шығар, бірақ бұрынғы қызы ғой", "Мына жаңалық мені әбден қорқытты" деп жазып жатыр интернет-қолданушылар.

Димаш Құдайбергенов 4 ақпан күні Қытайдың "Singer" жобасының үшінші кезеңіне қатысып, үшінші орын алды. Жалпы есепте бірінші болып тұр.

28 қаңтар күні Димаш Қытайдың Hunan TV арнасында тікелей эфир арқылы "Singer" жобасы аясында "Опера №2" әнін айтып, кезең бойынша бірінші орын алған еді.

Алғашқы кезеңде Димаш Құдайбергенов француз тіліндегі "SOS d'un terrien en détresse" әнін орындап, көрермендер қошеметіне бөленді. Қытайлық музыка мамандары оны "Тәңір назарына алған әнші" деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады. Жергілікті компания әншінің құрметіне смартфон шығарды, сонымен қатар "Димаш" және "Қазақстан" Қытай интернетінде жиі ізделінетін сөздер қатарына енді.

"Singer" жобасының көрсетілім кестесі туралы осы сілтемеден біле аласыздар.

 

 

 

Пікір жазу