2016 жылды Алматыдағы үлкен концертпен аяқтаған әнші демалысқа шықты. Қайрат Нұртас белгілі меценат әрі кәсіпкер Бауыржан Оспановтың ауылы яғни Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жыланды деген жерде демалысын өткізіп жатыр.

“Өзеннің қасында тұрмын. Бүкіл ауылды тұман басып тұрған сияқты. Не деген керемет?! Таудың ортасы тұман, ал ауыл көрінбейді”, – дейді әнші.

Әнші ауылда ат мініп, мылтықтан оқ атты. Мұнымен қатар, өзіне осы мүмкіндікті бұйыртқан ағасына алғыс айтты. “Елі үшін туған ер Бауыржан ағаммен! Баршамызға да осы кісідей ауыл жастарының, спорттың, мәдениеттің дамуына, қазақ ұлтының сапасын көтеруге атсалысуымызды нәсіп етсін! Алла осы игі істеріңізге береке, мол сауап жазсын, аға!” – дейді Қайрат Нұртас.