- cәнқой қыз-келіншектер гардеробының негізгі күздік киім үлгісі
- жаңа образ жасауда таптырмас көмекші
- кез келген стильмен үйлесімді
Плащтар - cape(кейп) және тренчтер болсын, бұлардың бәрі 2014-15 жылдың ең үздік тренды.
Бүгін, осы трендтің бірнеше үлгілерін ұсынамыз.
Ұзын плащтар
Ұзын плащтар - плащ ұзындығымен бірдей немесе қысқа, кең емес көйлектер, белдемше, шалбардың кез келген түрімен жарасымды тұрады. Көбіне биік тақалы және спорттық аяқ киімдермен әдемі көрінеді. Орта бойлы нәзік жандыларға, Christopher Kane сұр түсті плащына ұқсас плащтар лайық. Мұндай плащтар қысқа аяқтарды визуалды түрде ұзын көрсетеді.
Burberry Prorsum
Кейп
Кейп – британдық стильдегі жамылғы-плащ(пальто). Әрбір қыз-келіншектің сымбатына лайық келетін киім үлгісі. «Кейпті» кең белдемше немесе кең шалбармен киюге болмайды. Бұл мүсінді тұтастай толық көрсетеді. Ұзын белдемшені ұнататын қыз-келішектер тарылған тура үлгісін кигені дұрыс. Мұнда қарындаш-белдемше де келісті тұрады. Ал шалбардың, классикалық үлгісін таңдау керек. Коктейль, бүрмеленген, жарқын түстегі көйлектер «кейппен» өте сәнді образ бейнелейді. Көйлек кең болмауы міндетті. Ұзын қолғаптар бұл маусымда сәнді болғанымен, «кейп» casual стилінде жарасымды көрінбейді. Ыңғайлылықты ұнатушылар, аса биік емес платформа немесе танкеткамен үйлестірсе болады.
Тренч
Тренч – қайырма жағалы, белдігі бар, екі жағына қаусырмалы плащ. Тренч гардеробтың негізгі, әмбебап киім үлгісі. Қара, сарғыш, ақ түсті тренчтер классикалық, спорттық және күнделікті стильге қолайлы. Ал, ашық түстермен әшекейленген тренчтер болса, романтикалық стильді бейнелейді. Мұндай үлгіні жарқын көйлек немесе белдемше толықтырады. Көйлек немесе белдемшенің ұзындығы тренчтен аспай, тіпті сәл ғана қысқа тұруы маңызды. Жаңбырлы күнде резеңке етік, тізеден келетін көйлек және тренч - таңғажайып келбетті етеді.
Ерекше дизайнды плащтар
Valentino
Valentino
Miu Miu