Гостиницы в Алматы
2016-12-19 17:08:46 23 0

"Астана" футбол клубының бас менеджері Саят Хамитжанов Nur.kz сайтына берген сұхбатында егер клубтың атын өзгерту туралы ұсыныстар түсіп жатса, қарсылық танытпайтынын айтты. 

"Жеке маған "Нұр-Астана" атауы расымен де ұнайды. Егер команданың атын өзгерту туралы ұсыныстар түссе,  қарсылық білдірмеймін. Сондай-ақ президенттің мемлекет дамуына қосып жатқан үлесін ескеретін болсақ, меніңше, клубтың атын "Нұр-Астана" деп өзгерту әділетті шешім болады деп ойлаймын",-деді Саят Хамитжанов.

Саят Хамитжанов 2014 жылдан бері "Астана" футбол клубының құрылымында жұмыс істеп келеді. 2015 жылдан бері клубтың бас менеджері қызметін атқарады.

Пікір жазу