Гостиницы в Алматы
2016-12-21 10:59:19 49 0

Дэниэл Джейкобс өкілдері американдықтың наурыз айында Геннадий Головкинды «бір жақты» ететініне сенімді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

"18 наурыз түні бокс әлемі үшін ерекше болмақ. Әлемдегі орта салмақтағы ең үздік екі боксшы айқаспақ. Бұл жекпе-жекті бокс әуесқойлары көп күтті. Біз тоғыз жыл бойы  тынымсыз еңбек етіп,  Дэнниді осындай дәрежеге жеткізген Эл Хэймонға алғыс айтамыз. Ол әлемдегі үздік боксшылардың бірі Геннадий Головкинді жеңе алатындай мүмкіндік туғызды. 18 наурыз күні жекпе-жекті тамашалауға келіңіздер. Дэнни биіктен көрініп, Бруклинге барлық белбеулерін қайтарып алады. Оған күмәндарыңыз болмасын"-деді Дэниель Джейкобс командасының мүшесі Кит Конолли.

Геннадий Головкин мен Дэниель Джейкобс 2017 жылы 18 наурызда рингте кездеседі.

 

Пікір жазу