Танымал продюсер Жанна Абуова өзінен қарыз алып, қайтармай жүргендерге ескерту жасады. Продюсерден қарыз алған ер азаматтар оны қатты ренжіткен сыңайлы. Жанна Абуова егер қарызды қайтармаса, желіге есімдерін жазып, ұятты қылатын жеткізді. Ол инстаграмдағы жеке парақшасына: "Қазір қызық заман болды... Аса қадірлі ер азаматтар, қарызға ақша алып қайтармайсыңдар, артынан өсек айтасыңдар, достарыңның арасында алдадым деп сөз қыласыңдар, мақтанасыңдар. Расымен де, жәйменен ақырзаманға бара жатқандаймыз... Кімді меңзегенімді өзі түсінеді. Қарызды қайтармасаңдар есімдеріңді жариялаймын"- деп жазды.
Продюсердің есімдеріңді жариялаймын дегеніне қарағанда, Абуовадан қарыз алған азаматтар елге танымал жандар болуы бек мүмкін.
Сондай-ақ, продюсер "Өтемеу ниетімен қарыз алған адам қияметте ұры болып келеді"деген хадисті мысалға келтірді.