Гостиницы в Алматы
2016-04-03 12:22:13 814 0

Кімге көбірек жарасады?

Ғаламторда тележүргізуші Толқын Жүнісбаеваның жолдасы, "Гәкку" арнасының негізін қалаушы Санжар Мустафинмен ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген, алқызыл ұзын көйлек киіп түскен суреті пайда болды. Қолданушылар тележүргізушінің көйлегін бірден Мөлдір Әуелбекованың көйлегіне ұқсатты.

4WMTTXr_InQ

B1TW8bZ7GTk

Алайда Толқын Жүнісбаева көйлекті 2016 Жаңа жылды қарсы алу кешіне кигені белгілі болды. Көйлектің дизайнын тележүргізуші өзі ойлап тапқан. Ал Мөлдір Әуелбекова дәл осындай көйлекті жақында, Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылық кешінде киген болатын. Әнші көйлекті ұлттық өнім екендігін атап өткен. Екі өнерпаздың бірдей көйлек киюі шетелдік жұлдыздарда жиі кездеседі. Әйгілі брендтің киімдерін таңдаймын деп жұлдыздар қайталауға бой алдырып жатады. Енді отандық жұлдыздар да ұлттық брендтерден киім таңдап, қайталауға жол беріп жатыр. Мұны отандық киім өнеркәсібінің дамуы және сапасының артуы деп бағаладық. Ұлттық өнімді таңдайтын жұлдыздар тек қошаметке лайық.

Пікір жазу