Гостиницы в Алматы
2017-07-21 12:51:07 163 0

ЖОЛДА НӘРЕСТЕНІ ҚҰТҚАРҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛСЕРІК ЖАЙЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛМЕК

Ресейліктер нәрестені құтқарып қалған Ақтаулық жолсерік туралы фильм түсіруде.

 

Естеріңізге сала кетейік, шілде айының басында 9 айлық Фатиманы құтқарып қалған Ақтаулық жолсерік Алтынай Рамбаева көрші елде де танымалдылыққа ие болды. Оқиға жолда болған. Мақат станциясында купелердің бірінде баланың өліп қалғаны туралы хабарлайды. Алайда, жолсерік абыржымай, қызды қызметтік бөлмеге алып кіріп, алғашқы медициналық жәрдем көрсетеді. 40 минуттан кейін сәби есін жиып, дем алып, жылай бастаған. Фатиманың анасы Арайлым Жалиева болған оқиғадан соң, Алтынайды қызының екінші анасы деп есептейді.Ресейдегі «Домашний» телеарнасы ол туралы деректі фильм түсіруде. Бұл жайында ҚазАқпарат хабарлады.

Фильмді Владимир Калашников түсіріп жатыр. Ол «ТМД жолсерігі» деп аталады.

Пікір жазу