Шынайы өмірден алынған атыраулық ғашықтар – Марлен мен Әнелдің хикаясы қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Қос ғашық басты рөлді сомдаған “Күнім, сен сөнбеші” бейнебаяны небәрі үш күнде миллион мәрте қаралып, елімізде бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты.
Ерке Есмаханның “Қайда?” хиті бұл көрсеткішті бес күнде бағындырса, енді оның рекордын Ернар Айдар басып озды.
Бұл ретте Ернар Айдар шығармашылығына қызығушылық танытқан жандарға және бейнебаянда басты рөлді сомдаған ғашықтарға алғысын жеткізді.