Гостиницы в Алматы
2017-07-19 17:47:27 128 0

ФУТБОЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕҢ ҚЫМБАТ ТРАНСФЕРЛЕР (ТОП-10)

Көптеген футбол клубтары өздеріне үздік ойыншыны тарту мақсатында, жүздеген миллион теңгені ұсынып жатады. Бүгін сіздердің назарларыңызға футбол тарихындағы қымбатқа түскен ауысуларды ұсынамыз. Сонымен жоғары ақыға бағаланған футболшылар кімдер? Тренерлер қай ойыншыны өз командасына тартқысы келеді?

10) ЗИНЕДИН ЗИДАН

Әлем және Еуропа чемпионы, "Алтын доп" иегері - Зинедин Зидан.

Ол 73 500 000 евроға бағаланды.

9) КЕВИН ДЕ БРЮЙНЕ

"Манчестер Ситидің" ойыншысы де Брюйне "Челси"-ге ауысқан сәтсіз келісімнен соң, немістің «Вольфсбург» командасында қанатын кеңге жайды. 74 000 000 евроға бағаланды.

8) ХАМЕС РОДРИГЕС

Испандықтар Колумбиялық жартылай қорғаушы Хамес Родригесті командаға тарту үшін, қаржыны аямады. 2014 жылғы әлем чемпионатында көрсеткен жарқын ойыны үшін, 75 000 000 евро төлеп, келісімшартқа отырды.

7) АНХЕЛЬ ДИ МАРИЯ

Аргентиналық ди Марияны «Манчестер Юнайтед» «Реал» командасынан 75 000 000 евроға сатып алды.

6) ЛУИС СУАРЕС

Ең үздік алдыңғы қатарлы шабуылшыны «»Ливерпульден» «Барселона» сатып алды. Құны 82 000 000 евроға бағаланды

5) НЕЙМАР

«Барселон»а командасының ойыншысы 88 000 000 евроға бағаланған болатын. Каталондықтар тарихында Неймар ең қымбат бағаланған ойыншы болып саналады.

4) ГОНСАЛО ИГУАИН

Өте қымбат бағанған ойыншылар тізімінде Гонсало да бар. Футболшымен келісімге келуге таласқан құрамалар арасынан «Ювентус» озып шықты. Олар Гонсалоны 90 000 000 евроға сатып алды.

3) КРИШТИАНУ РОНАЛДУ

Атағы әлемге әйгілі «Реалдық» ойыншыны аталмыш құрама «Манчестер Юнайтедтен» 94 000 000 евроға сатып алған. Ол уақыттан бері Криштианудың командада жүргеніне 7 жылдан аса уақыт өткен.

2) БЕЙЛ ГАРЕТ

Көптеген футбол клубтарының қызығушылығын тудырған бұл ойыншыны «Тоттенхэмнен» «Реал» командасы 101 000 000 евроға сатып алған.

1) ПОЛЬ ПОГБА

«Ювентустың» Туриндік ойыншысы «Манчестер Юнайтед» 110 000 000 евро көлемінде бағалап, келісімшартқа отырды. Бұл футбол тарихындағы ең қымбатқа түскен келісімшарт.

Міне, көріп отырғандарыңыздай кейбір ойыншылар бр шағын мемлекеттік жылдық табысындай көлемдегі қаржыға бағаланып отыр. Таңқалмасқа шараң жоқ, бірақ шындық.

Сіз келесіде қандай футбол жаңалықтарын оқығыңыз келеді? Өз ойыңызды қалдыруды ұмытпаңыз.

Пікір жазу