Гостиницы в Алматы
2017-08-02 18:24:21 882 0

САХНАДАН КӨРІНБЕЙ КЕТКЕН ӘНШІЛЕР

Киелі сахнада әсем әндерімен халықты қуантып, хит шерулерді көш бастаған кейбір әншілер өнер ауылынан алыста жүр. Солардың бірқатарына Baistars.kz тоқталуды жөн көрді.

  • Сырым Исабаевты "Мен сені сүйеді екенмін", «Ақ гүлдер», «Кекілді қыз», әндері арқылы халық жақсы таниды. Ол қазіргі кездегі ең танымал әншілердің бірі Қайрат Нұртаспен бірге «Бекер-ақ жолыққан екенмін», «Қимаймын», «Жас дәурен» сынды әндерді дуэт болып орындаған болатын. Талай қыздың арманы болған Сырым 2012 жылы шаңырақ көтереді. Ал 2011 жылы Сырым «Алып қашу оперциясы» атты фильмде басты рольді сомдайды. Қазіргі уақытта Исабаев мырзаны халық мүлде көрмей кетті.
  • Бақыт Шадаева өнердегі жолы 1988 жылы бастаған. «Жас жігер» байқауына қатысқан жас әнші лауреат атанды. Студияны бітірген соң мемлекеттік «Гүлдер» ансамбліне жолдама алды. Шадаева шырқаған «Аңса жаным», «Жауын», «Алматым – сұлу астанам», «Достарым», «Өмір – арман» әндері тыңдарман қауымға кеңінен танымал. Десек те, әнші соңғы кезері ел алдына көп шыға бермейтін болған.
  • Жеке бизнесін қолға алған әнші Динара Қырықбаева сахнадан алыс кетті. Кәсіпкерлік ісі алға дөңгелеткен Динара жеке өміріне көңіл бөлген-ді. Бүгінде ол - жас ана. Қызы Айшаның қызығына тоймай жүрген әнші әншілігін тастап кеткен сыңайлы. Десек те, қылықты қыздың әндері тыңдармандарының есінде.
  • "Мен қазақпын" деп бар қазақты патриоттыққа шақырған әнші Ерболат Құдайбергеновтің ел әлі ұмыта қойған жоқ. Жастарды ерекше әндерімен баурап алған Ерболаттың көптеген әндері хит болған-ды. Десек те, әнші қазір сахнада емес.
  • Көптеген хит әндердің орындаушысы, әсем әндерімен халықтың жүрегіне жол таба білген Асқар Жүнісбеков қайда жүргені беймәлім. Ол "Хат жазып тұр", "Толғанай", "Періштем", "Ақ қайың" сияқты үздік әндерді ұсынған әншіні халық сағынды.

Пікір жазу