Сәкен Майғазиевтің айтуынша, бүкіл ел сүйіп тыңдайтын «Музарттың» таралуына бірінші кезекте топтың егде жастағы тыңдармандары жол бермейді.
Айта кететін жайт, «Музарт» әншілері топты таратып қана қоймай, мерейтойды өткізген соң шаштарын тықырлап алып тастауға уәде еткен. Алайда концерт аяқтала салысымен-ақ Сәкен Майғазиев бұл ойынан бас тартқанын мәлімдеді.
Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.
«Шашымды алмайтын болып келістім. Неге десеңіз, басымда 5 орай бар. 5 орайды бағындыру үшін 6 ай уақыт қажет екен. Жігіттер «уәде қайда?» деді. Мен қалыс қаламын және миллион теңге айыппұл төлеймін. Бір жағы мұқтаж жандарға көмектесемін деп шешім шығардым», – деп пікір білдірді Сәкен Майғазиев.