Гостиницы в Алматы
2016-12-19 11:14:30 122 0

Көпшіліктің көңілінен шыққан "Мұзарт Live" жобасы аяқталып, қазақ эстрадасында өзіндік орны бар "Мұзарт" тобының ізбасарлары анықталды.  

Жобада жеңіске жеткен және "Мұзарт" тобының тікелей ізбасарларының есімі келесідей:

Серікболсын Кішкенбаев, Нұрхат Сегізбаев, Әзиз Балтабекұлы, Сұлтан Ахмет. Бұлар енді "Музарт" тобының ізбасарлары ретінде өнер көрсетеді.

Жеңіске жеткен төрт жігіттің біреуін дауыс беру арқылы халық таңдаса, үшеуін "Музарт" тобының мүшелері анықтады.

Жобаға қатысушылар ақтық сында "Музарт" тобының репертуарындағы әндерді орындады.

Пікір жазу