Гостиницы в Алматы
2016-04-08 14:58:14 1018 2

Қиын кезде қасыңнан табылып, жабырқағанда жаныңда болатын жан достар шоу бизнесте бар ма? Өнердегі ең жақын құрбылар кімдер?

Тағдыр жолында қимас құрбыға айналған жұлдыздар жайлы baistars.kz жариялайды.

Баян Есентаева мен  Мадина Балғабаева

Баян Есентаева мен  Мадина Балғабаеваны таныстырған да, табыстырған да -журналистика. Еңбек жолын бірге бастаған журналистер бүгінде телевидение саласының әккі мамандары.

Мадина Сәдуақасова мен Қарақат Әбілдина

Мадина Сәдуақасова мен Қарақат Әбілдина өнерде ғана емес өмірде де сырлас құрбылар. «Ал, құрбым» әні  қос арудың достық эталоны сынды. 

Дильназ Ахмадиева мен  Мақпал Исабекова

Дильназ Ахмадиева мен Мақпал Исабекованың достығы бір продюсерлік орталықтан бастау алды. Қазіргі таңда шоу-бизнестегі ең жақын құрбылардың бірі.

Аша Матай мен Малика Усупова

Дизайнер мен актриса таныстығына Баян Есентаеваның қызы Айарудың туған күні септігін тигізсе керек. Ал арулардың арақатынасын үзбеуі өз алдына, 5 жыл ішінде  қимас досқа айналып үлгерген. Сондай-ақ, Аша Маликаның «Malique» атты дизайнерлік компаниясын жарнамалаушы модель. 

Луина мен Рано Умарова

Көңілді кештер мен концерттерде қос құрбының қатар жүргенін ылғи байқаймыз. Тіпті, Луина мен Рано жаттығу залына, студияға да бірге барады.

Жанар Айжанова мен Айгүл Иманбаева

Әншілер достығы «Той best star» жобасынан  басталды. Қазіргі кезде қос әртістің есімін жиі бірге естиміз.

Сая Оразғалиева мен Жания Джуринская

Екі әртістің достығы да әріптестіктен бастау алған. Сая Оразғалиева мен Жания Джуринская Баян Есентаева продюсерлік еткен "Shine" тобында өнер көрсеткен. Кейін «Вузеры» сериалына бірге түсіп, "Евразия" телеарнасындағы "Әскери альбом" бағдарламасын жүргізді. 

Гүлназ Жоланова мен Іңкәр Әбдіраш

Әріптестіктен достыққа. Қос актриса қазір демалыстарын да бірге өткізеді.

Назгүл Қарабалина мен Айнұр Көпбасарова

Шоу бизнесте өзіндік орнын қалаған арулардың достығы жылдан-жылға жалғасып келеді.

Жанар Дұғалова мен Ақерке Тәжібаева

Қос өнерпаз бала кезден дос. Олардың достығы тек өнермен шектелмеді.

Айжұлдыз Адайбекова мен Малика Есмұханбетова

Айжұлдыз бен Малика тез тіл табысып кеткен сыңайлы. Бойжеткендер шоу бизнестегі жақын құрбылар тізімін толықтыруда.

Салтанат Бақаева мен Гүлбахрам Байбосынова

Салтанат Бақаева мен Гүлбахрам Байбосынова жақын құрбылардың бірі. Сондай-ақ, Гүлбахрам Салтанаттың нәрестесінің кіндік анасы.

 

 

 

Пікірлер

  • Гулия
    Бала кезгі Жанар Дұғалованың жанындағы қыз Ақерке емес сияқты. Меніңше Арайлым Ыбыраева болуы керек.
  • Молдир
    Расыменде уксамайды Жанардын касындагы кыз.

Пікір жазу