Гостиницы в Алматы
2016-12-03 16:24:03 187 0

"Қазақстан аруы 2016" конкурсының қатысушысы уланып, ауруханаға түсті

"Қазақстан аруы 2016" конкурсының 17 жастағы қатысушысы уланып, ауруханаға түсті. Ол Қарағандыдан Астанаға конкурстың финалына қатысу үшін келген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың туыстары хабарлады.

Кеше Мария Пятина Instagram желісіндегі парақшасында аураханада жатқан суретін жариялаған. Оның достары мен таныстары оған тезірек сауығып кетуін тілеп жатты.

Мария Пятнинаның әкесі Қарағандыдан қызының ауруханада жатқанын, жағдайының жақсарғанын хабарлады.

"Біз кеше ғана Астанадан Қарағандыға қайтып келдік. Мария уланып, ауруханаға түсті. Оның денсаулығы жақсарып келеді, Ол "Қазақстан аруы" конкурсында тәжге таласады", - деді Марияның әкесі.

Еске салайық, осыған дейін "Қазақстан аруы 2016" конкурсына қатысушылардың ресми фотосуреттері ұсынылған болатын. "Қазақстан аруы 2016" конкурсының жеңімпазының есімі 10 желтоқсан күні Бейбітшілік пен Келісім сарайында белгілі болады. 30 қарашада финалға қатысушылар үшін халықтық дауыс беру басталып кетті. Дауыс беруден және конкурс финалына сатылатын билеттерден жиналған қаржы Астананың жағдайы нашар отбасыларына беріледі.

Қазылар алқасы финалға шығатын бес қызды ғана таңдайды, ал еліміздің ең сұлу қызын қазақстандықтар онлайн және SMS арқылы дауыс беріп өздері таңдайды. Жеңімпаз бес миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық алады және "Әлем аруы" халықаралық конкурсына Қазақстан атынан барады.

Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/style/kazakstan-aruyi-2016-konkursyinyin-katyisushyisyi-ulanyip-275164/

Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

Пікір жазу