Түрік елінің Анталья қаласында футболдан өткен жолдастық кездесуде Қазақстан ұлттық құрамасы Әзірбайжан аяқдоп шеберлерін 1:0 есебімен тізе бүктірді. 8-минутта Серікжан Мұжықов бұрыштамадан Бауыржан Исламханға пас берсе, «Қайраттың» капитаны оны айып алаңына қарай әуелетті. Мұны ұтымды пайдаланған Мақсат Байжанов баспен допты қақпаға сүңгіте салды. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы биылғы маусымдағы алғашқы ойынында жеңіске жетті.
Айта кетейік, қазақстандықтарды бұл матчқа қазіргі кезде «Ақжайық» командасының бас бапкері міндетін атқаратын Талғат Байсуфинов бастаған мамандар дайындап әкелді. Олар шеттен адам іздемей, қазақ футболының түлектеріне көбірек мүмкіндік берді. Енді Қазақстан ұлттық құрамасы 29 наурызда Грузия футболшыларымен тағы бір жолдастық кездесу өткізеді.