Гостиницы в Алматы
2016-12-10 23:43:17 126 0

Қызылордалық студент "Мисс Қазақстан - 2016" атанды

"Мисс Қазақстан - 2016" атағын Қызылордадағы медициналық колледждің студенті Гүлбану Әзімхан жеңіп алды.

Ұлттық байқаудың финалы бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. 30 қарашадан бастап бүкіл ел бойынша sms және "Мисс Қазақстан" жобасының ресми сайтындағы сауалнама арқылы дауыс беру жүргізілген болатын.

Қазақстанның ең сұлу қызы атағын ұтып алған қатысушының басына тәжді Мәжіліс депутаты және қазылар алқасының мүшесі Зағипа Балиева кигізді.

15337180_585833708277287_3596679637431746560_n

Гүлбану Әзімхан 5 миллион теңге көлеміндегі жүлдеқорына ие болды. Жеңімпаз "Әлем аруы - 2017" халықаралық байқауында Қазақстан атынан қатысатын болады.

Пікір жазу