Гостиницы в Алматы
2017-06-14 15:45:34 47 0

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН ҚЫТАЙ ЕЛІНДЕ КЕЗЕКТІ БЕЛЕСІН БАҒЫНДЫРДЫ

Миллиондаған жанкүйердің жүрегінінің төрінен орын алып үлгерген талантты әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан «2017 MTV Global Chinese Music Awards» шарасының «Ең үздік шетелдік танымал әнші» номинациясын жеңіп алды. 

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Димаш "I am singer" байқауынан кейін «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» және «Жылдың ең танымал әншісі» жүлделерін жеңіп алған еді. Бұл – отандасымыздың Қытай еліндегі бесінші жүлдесі. Шараның ресми веб-сайтында дауыс беру 22 мамырдан 10 маусым күндері аралығында болып, жеңімпаздар есімі 13 маусым күні жарияланды. Естеріңізге сала кетейік, «2017 MTV Global Chinese Music Awards» Марапаттау кеші 2 шілде күні Шэньчжэнь қаласында өтеді. Бұл жайында massaget.kz мәлімдеді.

 Бұл Қытайдағы ең ауқымды музыкалық шара болып саналады. Шара барысында 19 жеңімпаз марапатталатын болады.

Пікір жазу