Ал фильмнің Швейцарияда көрсетілетіні жайлы бас кейіпкер - Марсель Махмуди өзінің жеке инстаграм парақшасында хабарлады. Естеріңізге сала кетсек, Марсель - әнші, актриса Сиви Махмудидің туған інісі. Марселдің айтуы бойынша, Қазақстандағы ресми көрсетілімнен кейін, фильм арнайы жабық көрсетілімде Женева (Швейцария) қаласында көрсетіледі. Бұл шараға алыс жақын шет елдерден танымал продюсерлер режиссер келеді деп күтілуде.
Басты рөлдің бірін сомдайтын он жеті жасар Марселдің фильмге алғаш түсуі. Фильмнің режиссері қысқаметражды фильмдермен таныла бастаған, отандық жас режиссер - Жәнібек Гусманов. Бас продюсер, Марселдің анасы - Анар Рустемова. Сондай-ақ фильмге отандық танымал актерлер мен жаңа әртістер де шақырылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 16 мен 21 жас аралығындағы талантты актерлерді табу қиынға түсіпті.
Естеріңізге сала кетейік, «Мажоры» фильмі шілде айының 20-нан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.