Гостиницы в Алматы
2017-06-11 01:14:39 217 0

ҚАЗАҚСТАНДА ТУЫЛҒАН ШЕТЕЛДІК ӘНШІЛЕР ТОП-10

Бүгін сіздердің назарларыңызға Қазақстанда дүниеге келіп, қазіргі уақытта басқа мемлекетте өзін мойындатып жүрген жерлестердің 10-дығын ұсынамыз.

1) Батырхан Шүкенов – 1962 жылы Қызылордада дүниеге келіп, 1989 жылы Мәскеуде шақырту алады. Оның «Нелюбимая», «Джулия» секілді әндері халықты баурап алды.

2) «А-Студио» - Байғали Серкебаев құрған топ Ресей мен Қазақстанда танымал болды. Топ басында «Алма-ата» деп аталғанымен кейінірек атауы өзгерді. «А-СТУДИО» 2012 жылы өзінің 25 жылдығын атап өтті.

3) JAH KHALIB – Көпшілікті бүгінде «Лейла» әнімен жаулаған әнші, Алматы қаласының тұрғыны. Шын есімі Бахтияр Мамедов.

4) Асылбек Еңсепов – Ақтөбе облысының тумасы. Күйші, көптеген байқаулардың жеңімпазы. Қазіргі таңда Лос-Анджелес қаласында өнерін жалғастыруда.

5) Скриптонит – Шын есімі Әділ Жәлелов. 1990 жылы Павлодарға жақын Ленин ауылында дүниеге келген. Оның «Напомни», «Поворот», «Первый» секілді туындылары өз тыңдармандарының жүрегінен орын алып үлгерген.

6) Сергей Зверев – 1963 жылы туылған әнші бала күнінде отбасылық жағдайына байланысты Өскемен қаласына көшіп келеді. Оның «Я люблю тебя до слез», «Ради тебя», «Цыганочка» секілді әндері бар.

7) Анатолий Цой – 1989 жылы туылған әнші Талдықорған қаласының тұрғыны. "М-Band" тобының мүшесі, «Хочу к Меладзе» байқауының жеңімпазы.

8) Линда Нигматуллина – 1983 жылы Алматы қаласында өмірге келген. Өнерінің алғашқы жылдары «Ниссо» тобында ән айтқан Линда бүгінде әртіс.

9) Виктория Дайнеко – Талдықорған қаласының тумасы. «Фабрика звезд 5» тобының мүшесі. Қазіргі уақытта жеке әнші. Соңғы әні «Эти ночи» деп аталады. Одан өзге Виктория түрлі мультперсонаждарды дыбыстайды.

10) Мария Мудряк – Павлодар өңірінде 1994 жылы өмірге келген. Опера әншісі әлемді 10 жасында мойындатқан. Бүгінгі таңда Италияның Милан қаласында өмір сүруде

Пікір жазу