Мазмұны өте қарапайым болып көрінгенмен, бұл фильм өзінің шынайылығымен көрерменді баурап алады . Суы тартылып, құрдымға кетіп бара жатқан Арал теңізінің жағасында Фатима өзінің он жастағы немересі Асланмен бірге тұрады.
Осы құлазыған қу далаға, үлкен қаланың мазасыз тіршілігінен мезі болған Гауһар есімді жас қыз келеді. Жаңа адамның ортада пайда болуы арқылы, тұрғындар екінші мүмкіндік пен қайта жаңғыруға шын көңілдерімен сенеді. Жас режиссер өзінің тырнақалды туындысында, тартылған теңіз бен оның жағасын мекен еткен адамдардың аянышты тағдырын ұштастыра білген.
Ал фильм жайлы әртіс Райхан Айтқожанова: “Мен бұл сценарийді басында берген кезде бірден түсем дедім. Өйткені, фильм идеясы ұнады. Бағасын өздеріңіз бере жатарсыздар”, – дейді.