Гостиницы в Алматы
2016-12-14 18:01:01 442 0

"Мисс Қазақстан-2016" конкурсы аясында басталған дау әлі де басылған жоқ. Оқиғаның себепшілері актер әрі сұлулық сайысында қазылар алқасының мүшесі Әнуар Нұрпейісов пен жүргізуші Динара Сатжан әлеуметтік желілер арқылы өзара талас-тартыс жүргізіп жатыр. 

Сұлулық сайысының астаналық қатысушысы Елназ Нүрсейітоваға кітап туралы қойылған сұрақтың жауабы Әнуар Нұрпейісовтың көңілінен шықпаған. Сосын ол әлеуметтік желідегі парақшасында қыздар үшін сыртқы сұлулықтан гөрі ішкі жан-дүниенің маңыздырақ екенін түсіндіргісі келген видео жүктеді.

    Осы оқиғадан кейін Динара Сатжан фейзбуктегі парақшасында актерге білімді қыздарды сұлулық сайысынан емес, кітапханалардан іздеу керек деп кеңес береді.  Сонымен қатар, Әнуар Нүрпейісовтың ориентациясында да күмәндана бастауы мүмкіндігін білдірген.

Әнуар Нұрпейісов та Динара Сатжанның бұл айтқанына жауап берді.

"Егер қазылар алқасының сұрағына жауап бермесе бұл конкурс не үшін ұйымдастырылады? Онда әдемі қыздар сахнаға шығып үндемей тұра беретін конкурс жасау керек. Мен сұлулық сайыстарына қыз іздеу үшін бармаймын. Мені ол жерге қазылық етуге шақырған. Сосын, менің ориентацияма бола бас қатырмауыңызды сұраймын",-деген Әнуар Нұрпейісов.

10 желтоқсанда өткен "Мисс Қазақстан-2016" конкурсында қызылордалық Гүлбану Әзімханова жеңіске жетті.

Пікір жазу