Гостиницы в Алматы
2016-12-23 12:08:14 25 0

Әуезов театрында ағылшын комедиясы қойылады

Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы драма театры ағылшын комедиаграфы Рэй Кунидің "Мани, Мани" комедиясын ұсынады деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі. 

Қойылым режиссері Е. Нұртазин, композиторы Е. Нариманұлы.

Есімі әлемге танымал ағылшын комедиографы Рэй Куни комедиясының бас кейіпкері Генри Перкинс туған күнінде ойламаған жерден мол ақша тауып алады.  Дипломаттағы 1 млн 750 мың фунт стерлингті  өзінің өмір бойғы есепшіболған адал еңбегінің өтеуі деп білген ол шетелге қашпаққа бел буады. Бірақ, өзгелер оны осынша мол ақшамен шетелге оп-оңай жібере салмақшы емес. Осылайша оқиғалар қым-қуыт сипат алады, барлық  кейіпкерлердің шынайы бет-бейнесі «мани, мани» үшін күресте ашыла бастайды.  Әншейінде бәрі жақсы қарапайым адамдарды осындай бір сын сәттерде тану мүлдем қиын. Неліктен?.. Бұл туралы қойылымда баяндалған.

 

Қойылым премьерасы 27, 28 желтоқсан күндеріне жоспарланған.

Пікір жазу