Жаңалықтар

Ақан Сатаев, Баян Есентаева, Әсел Сағатова, Максим Акбаров «Рэкетир 2″ фильмінің тұсаукесерінде

23-мамыр күні Алматы қаласындағы Республика сарайында қазақстандық кино тарихындағы ең көп күтілген сиквелдің тұсаукесері өтті. Бұл шараға фильмнің бас режиссері Ақан Сатаев пен түсірілім командасы қатысты. Сонымен қатар, қазақстандық кино және шоу-бизнес өкілдері де болды.

«Рэкетирдің» бірінші бөлімі біз үшін күтпеген табыс әкелген ең алғашқы кассалық фильм болды. Ол кезде екінші бөлімі түсіреледі деген жоспар мүлде болмаған еді. Бірақ арада 6 жыл өткен соң ғана екінші бөлімін түсіру тақырыбы былтырғы жылы наурыз айында қозғалып, Тимур Жақсылықовпен бірге сценарий жазуға кірістік. Жалпы фильмнің түсірілімі қыркүйек айынан басталып, қараша айында аяқталған», — дейді фильм режиссері Ақан Сатаев.

Тұсаукесер «Фильм туралы фильм» атты қысқа роликтің көрсетілуінен басталды. Сахна алдына фильмді түсіруде атсалысқан түсірілім командасы мен фильмге түскен актерлік құрам шықты. Режиссер Ақан Сатаев өзіңнің бұл күнді көп күткенін және фильм түсіруіне көмегін берген барлық жандарға өз алғысын айтатынын жеткізді.

Тұсаукесер соңында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-конференция өтті.

IMG_1023 IMG_1037 IMG_1050 IMG_1052 IMG_1060 IMG_1061 IMG_1069 IMG_1072 IMG_1082 IMG_1083 IMG_1086 IMG_1087 IMG_1096 IMG_1097 IMG_1098 IMG_1100 IMG_1102 IMG_1103 IMG_1105 IMG_1109 IMG_1113 IMG_1115 IMG_1123 IMG_1129 IMG_1135 IMG_1136 IMG_1137 IMG_1139 IMG_1142 IMG_1144 IMG_1156 IMG_1157 IMG_1158 IMG_1160 IMG_1161 IMG_1162 IMG_1163 IMG_1166 IMG_1178 IMG_1179 IMG_1182 IMG_1187 IMG_1215 IMG_1216 IMG_1217 IMG_1219

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

22222222222221

Айгүл Қосанова: «…осындай тыңдармандарды өз көзіңмен көріп, естігеннен кейін не айтуға болады?»

278 рет оқылды30.07.2015
скачанные файлы

С. ЖАНПЕЙІСОВА, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ: CЫРТЫМНАН ШЕШІМ ШЫҒАРЫП, ҚЫЗМЕТТЕН БОСЫТЫП ЖІБЕРГЕН

542 рет оқылды28.07.2015
w72QTHqbDQY (1)

Роза Рымбаева өнердегі мерейтойын кең көлемде атап өтуде

802 рет оқылды24.07.2015
Nne1hPGyQyA

Жанар Дұғалова қатты сырқаттанып қалды

4 325 рет оқылды23.07.2015
0g2vjM5jn6A

Бағым Мұхитденова: «Біз Ақботаның топтан кеткенін қалаған жоқпыз»

4 596 рет оқылды17.07.2015
LN_GNbSa6qU

Әнші Ринат Малцагов үйленеді

3 307 рет оқылды17.07.2015
БАСТЫ БЕТ
Responsive Menu Image Responsive Menu Clicked Image