Спорт

Головкинді Астана әуежайының VIP-залына кіргізбей қойды

WBA (Super) және WBC (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин отбасымен Отанына ұшып келді. Ол ең соңғы рет қараша айында елде болған. Бұл жолы Қарағандыдағы туыстарына қыдырып келді.  Бұл жайлы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Геннадий GGG Головкин» тобы хабарлады деп жазды Vesti.kz.

Бірақ, елдің сүйікті спортшысының келгеніне халықтың барлығы қуанбаған секілді. «Астана» халықаралық әуежайының қызметкері  Головкинді VIP-зал арқылы өткізбей, жұрт алдында жанжал туғызған.

«Головкин ақысын төлемей тұрып, зал арқылы өте алмайды. Себебі ол шенеунік немесе оның отбасының мүшесі емес», — деп қызметкерлер өтуіне қарсылық білдірген. Жиналған халық  бұған келіспеген.  Олар Қазақстанның имиджін шетелге танытып жүрген спортшыға көрсетілген осындай қарым-қатынасқа наразылықтарын білдірді.

 «Сонымен қатар, тиісті төлем жасау үшін кассаға өтуге тыйым салынды. Сондықтан төлемді қолма-қол жасауға, яғни қызметкер арқылы төлеуге тура келді. Ол талабын орындатып,  арнайы чекті әкеліп берді. Кейіннен сол қызметкерлер VIP-залда GGG-мен фотосессия ұйымдастырды», — деп топта жазған.

Айта кету керек, Головкин мен канадалық Давид Лемьенің кездесуі 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді деп жоспарланып отыр.

fannov03-1024x682

fannov06-1024x682

golovkinhome

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

EsE02gPxFsE

Сабина Алтынбекова Әйелдер ісі жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі болды

364 рет оқылды24.07.2015
0000000000006ab2a

Арман Шораев: «Қазақ күресі жыл өткен сайын жаңғыра береді»

209 рет оқылды15.07.2015
675b0b745b8db616f165e32d67e1372b_L

Бейбіт Ыстыбаев: «Халқыма берген уәдемді орындаймын»

389 рет оқылды15.07.2015
photo_42982

Әділбек Ниязымбетов: «Олимпиададан кейін жеке өмірімді қолға аламын»

542 рет оқылды15.07.2015
gennadij_golovkin_provedet_sleduyushij_boj_21_fevralya_protiv_britanca_martina_myurreya

Головкин жаттығу жасауды тоқтатты

805 рет оқылды13.07.2015
51

UWW әлемдік палуандар рейтингінде 6 қазақстандықтың есімі бар

276 рет оқылды12.07.2015
БАСТЫ БЕТ
Responsive Menu Image Responsive Menu Clicked Image