Гостиницы в Алматы
2017-01-08 11:27:59 42 0

Әлемдік бокстың тірі аңызы әрі әлемнің экс-чемпионы Майк Тайсон қазақстандық Геннадий Головкиннің нокауттары туралы айтып берді деп хабарлайды Vesti.kz.

Мен оны жақсы боксшы және аяусыз панчер деп есептеймін. Головкин қарсыластарының бәрін жеңді. Осыдан кейін онымен рингке шығуға көпшілік жүрексінеді. Кім онымен жекпе-жекке шығуы мүмкін? Мүмкін, Канело? Оның нокауттарына куә болу үшін адамдар залдарға жиналады. Головкиннің нокауттары көпшілікке ұнайды.

Головкин 18 наурыз күні Нью-Йоркте Дэниель Джейкобсқа қарсы рингке шығады. Ол бұған дейін 36 кездесудің бәрінде жеңіске жетіп, 33 жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған.

Пікір жазу