Спорт

Сабина Алтынбекова Әйелдер ісі жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі болды

Қазақстандық волейболшы қыз Сабина Алтынбекова ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі атанды. Бұл жайында «Казахстанская правда» басылымы жазды.

Айта кетейік, ұлттық комиссия 1998 жылы әйелдердің, балалар мен отбасылардың жағдайын жақсартуға қатысты тиімді шараларды қолға алу жөніндегі консультациялық-кеңестік орган ретінде құрылған. Сонымен қатар, ол отбасы мүддесін қорғау, еліміздің мәдени, саяси, әлеуметтік және экономикалық саласына қатысушы әйелдерді қажетті жағдаймен қамтамасыз етумен айналысады.

«Бұл үшін өте қуаныштымын, себебі мен патриотпын. Еліме пайда әкелгім келеді«, — деді волейболшы қыз.

Сонымен қатар, Сабина Алтынбекова басылымға берген сұхбатында 6 наурыз күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кездесуінен алған әсерімен бөлісті.

«Жаттығу кезінде Президент аппаратынан қоңырау келіп түскенде, қалжың екен деп ойладым. Басында қатты толқыдым, бірақ Нұрсұлтан Әбішұлы адамды бірден бауырына тартады. Ол спортты тастамауға, ұлы мақсаттарға ұмтылуға, жарамсақтық сөздерге барынша назар аудармауға кеңес берді, әсіресе ол ер адамдар тарапынан айтылса«, — деді Алтынбекова.

Еске сала кетейік, қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Азияда 2014 жылы танымал болған еді. Азия жастар арасындағы чемпионатта оның сұлулығына жанкүйерлер мен журналистер назар аударып, бұдан кейін қазақстандық жас спортшы атақты бола кетті. Оған көптеген ұсыныстар түсті, тіпті белгілі брендтердің тұлғасы болу туралы ұсыныстар болды. Бірақ волейболшы өзін тек волейболға арнап, оқуын жалғастыратынын айтты.

EX6ZVnunsiE

INo5BepKj5Q

snl4p8bbsKA

Y8X911StMRc

yVZm426aHrk (1)

EsE02gPxFsE

cTdtyhpQp2I

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

gennady-golovkin-kazakhstan-fan-event-01-photo-by-team-golovkin

Головкинді Астана әуежайының VIP-залына кіргізбей қойды

1 205 рет оқылды24.07.2015
0000000000006ab2a

Арман Шораев: «Қазақ күресі жыл өткен сайын жаңғыра береді»

209 рет оқылды15.07.2015
675b0b745b8db616f165e32d67e1372b_L

Бейбіт Ыстыбаев: «Халқыма берген уәдемді орындаймын»

389 рет оқылды15.07.2015
photo_42982

Әділбек Ниязымбетов: «Олимпиададан кейін жеке өмірімді қолға аламын»

542 рет оқылды15.07.2015
gennadij_golovkin_provedet_sleduyushij_boj_21_fevralya_protiv_britanca_martina_myurreya

Головкин жаттығу жасауды тоқтатты

805 рет оқылды13.07.2015
51

UWW әлемдік палуандар рейтингінде 6 қазақстандықтың есімі бар

276 рет оқылды12.07.2015
БАСТЫ БЕТ
Responsive Menu Image Responsive Menu Clicked Image