Гостиницы в Алматы
2016-12-22 13:35:47 111 0

Ресейлік танымал балерина Анастасия Волочкова мен актер Илья Соколовский Қарағандыдағы қарлы бораннан аман-есен межелі жерге жеткізген көлік жүргізушісі Нурикке алғыстарын білдірді. Бұл туралы informburo.kz хабарлайды.

Нурик Астанадан Қарағандыға бет алған театр труппасын аман-есен жеткізе алған. Ал сол сәттегі қарлы боранның кесірінен айнала көзге түртсе көргісіз болыпты.

“Нурик, қымбаттым, сен сондай кәсіби жүргізушісің. Бұл өте қорқынышты жағдай болды, бірақ әрине сен қауіпсіздігімізді қамтамасыз еттің. Осындай шұғыл жағдай кезінде қасымызда болып көмектескенің үшін алғыс айтамыз. Біз осы сапар барысында достасып үлгердік”, – дейді Волочкова.

Волочкова ресейлік театр ұжымымен бірге Қазақстанда “Леди” қойылымын сахналап жүр. Бірер күн бұрын жолда тұрған қарлы бұрқасын көліктің жолын бөгеп, қатынасты қиындатып тастаған еді. Сол кезде Волочкова мен оның әріптестері қар құрсауында қалып кеткен. Көлік қарға батып қалып, оны итеріп шығаруға мәжбүр болған. Олар соңында аман-есен Қарағандыға жетеді. Ал қазір әртістер Павлодар қаласына келіп жетіпті.

Пікір жазу