Қытайдың Цзяньань қаласында бокстан Рио олимпиадасына Азия және мұхиттық аймақтан іріктеу аяқталды. Аса ауыр салмақта отандасымыз Иван Дычко финалда өзбекстандық спортшы Баходир Джалоловты 3-0 есебімен тізе бүктіріп, жарыс жеңімпазы атанды. Айта кетейік, бұған дейін бұл турнирдің алтын жүлдесін 64 келіде өнер көрсеткен Абылайхан Жүсіпов пен Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) иеленген болатын. Ал, Әділбек Ниязымбетов (81) пен Дариға Шәкімова (75 келі) күміспен күптелсе, қола иедальды Олжас Сәттібаев (52 келі) пен Қайрат Ерәлиев (56 келі) қоржынға салды.
- Әзірге олимпиадаға ерлер арасында толық жолдама алған Қазақстан, Өзбекстан және Куба құрамасы.
- Қытайда Өзбекстан мен Қазақстан жетпей тұрған алты жолдамасын да иеленді.
- Біржан Жақып, Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко екінші рет олимпиадаға барады.
- Абылайхан Жүсіпов, Олжас Сәттібаев, Қайрат Ералиев, Василий Левит, Жәнібек Әлімханұлы, Берік Әбдірахманов алғаш рет олимпиадаға қатысады.