«Келін де адам» («Келинка тоже человек») фильмі Қазақстан кинематографиясына бұрын-соңды болмаған ерекшелік алып келмек. Нақтырақ айтсақ, фильмде ене мен келіннің рөлін сомдайтын Данагүл Темірсұлтанова мен Әсел Сәдуақасованың жаны мен тәні ауысып кетеді. Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.
«Сценарийді жазуға бір жылға жуық уақыт кетті. Әрине, біздің таңдап алған бағыттың әлемдік кинода баламасы көп. Тек Қазақстанда тұңғыш рет кіріскен біз болғалы тұрмыз», – деп атап өтті фильм режиссері.
Ал Әсел Сәдуақасова күндіз-түні Данагүл Темірсұлтанованың қылықтарын жаттаумен айналысып жатыр.
«Әмірін жүргізе алатын, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс егде жастағы әйелдің рөлін сомдауым керек. Қиынға соғатынын білемін. Сондықтан да білікті ұстаздардан сабақ алып, дайындалдым. Түсірілім алаңында Данагүл апайдың әр басқан қадамын аңдып отырмын. Ол кісінің қылықтарын айнытпай салуым керек», – деп атап өтті ол.

Фильм желісі бойынша тар пәтерді бөлісуге тиісті ене мен келін өзара қырғи-қабақ болады. Тағдырдың оларды жазалағаны шығар, бір күні олардың тәндері мен жандары ауысып кетеді. Сөйтіп екеуі бір-бірінің рөлін сомдайды.
«Бұрынғы ойнаған рөлдерімде енелердің барлығы маған риза болып, келіндер жек көріп отырса, енді осы жолы келіндер де мені түсінетін шығар деп ойлаймын», – деді Данагүл Темірсұлтанова.
Фильм алдағы жылдың басында көрермен назарына ұсынылады.