Премьер-министрдің бірінші орынбасары әрі 28-ші Қысқы Универсиада ойындарының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласында кеңес өткізіп, ойын алаңдарының дайындығын тексерді.
Алматы әкімі Бауыржан Байбектің айтуынша, Универсиадаға дайындық қаланың дамуына өз үлесін қосты. Құрылыс және ұйымдастыру ісіне 109 млрд теңге көлемінде қаржы жұмсалған.
"Универсиадаға дайындық кезінде 1550 жаңа обьект және 30 мыңға жуық жаңа жұмыс орны пайда болды. 9,2 млрд теңге көлемінде салық төленген. Жалпы 200-ге жуық компания қатысты. Құрылыс істеріне қатысқандардың 80%-ы алматылықтар",-деді қала әкімі Бауыржан Байбек.
28-ші Қысқы Универсиада ойындары Алматы қаласында 29 қаңтар және 8 ақпан аралығында өтеді.