Гостиницы в Алматы
2016-11-16 11:42:01 608 0

Отандық актер Тәуекел Мүсілім қытай еліне барып, қытай қызына "үйленіп алды".

Желідегі парақшасына видео жүктеген Тәуекел өзінің қытай қызына үйленгенін айтып, бір әзілдеп алды.

Бүгінде Динара Сәтжан секілді өзге де қазақстандықтармен Қытай елін аралап жүрген Тәуекел бірнеше күннен бері сапарынан алған әсерімен бөлісуде.

Қытай дәстүріне қатысып, үйлену тойының қандай болатынын өз көзімен көрген ол қытай қызымен "үйлену" рәсіміне қатысты.

"Қытайда тіпті үйленіп те алдым, бірақ әйелімді тастап кетуге тура келді", - деді актер.

Пікір жазу