Гостиницы в Алматы
2016-12-08 20:26:58 305 1

Соңғы уақытта жеке өмірі көпшіліктің талқысына түскен продюсер әрі әнші Қыдырәлі Болманов "тоқал" тақырыбы қалай және қайдан шыққанын Time.kz сайтына берген сұхбатында айтып берді.

2016 жылы жердің Қытайға сатылуына байланысты Алматы, Атырау және Қызылорда секілді қалаларда халық көтеріліске шығады деген ақпарат тарады. Танымал продюсер әрі әнші Қыдырәлі Болман халықты алаңға шығуға итермелейтін үшінші жақ күшінің бар болғанына сенімді болғанын, жастар басқалардың арандатушылығымен шеруге шықпасын деп "тоқал" тақырыбын ұйымдастырғанын айтты.

"Кезінде "Желтоқсан оқиғасының" куәгері ретінде жер дауы кезінде қатты қайғыға баттым. Менің қалай қайғырып, тіпті, көзіме жас алғанымды әйелім Қарақат біледі. Өзімді туған жерімнің патриоты деп санаймын. Сондықтан да бұл мәселеге бей-жай қарай алмадым. Ұзақ ойлана келе, жастар арандатушылыққа ұшырап қалмасын деп, олардың назарын басқа жаққа бұру үшін "тоқал" тақырыбын ойлап таптым. Алдымен отбасы, ағайын-туыспен ақылдасып, олармен кеңесуге туралы келді.

Қарақатқа "тоқал туралы жаз" дедім. Ол бірден түсінбесе де, оған халық бізді үлгілі отбасы деп есептейтінін, егер менің тоқалымның бар екенін білсе, бұл көпшіліктің талқысына түсетінін түсіндірдім. Ең соңында жастар алаңға шықпады. Біз мақсатымызға жеттік. Ал өзіме келетін болсақ, мен ешкімді алдап жүргенім жоқ. Арым таза. Отбасым мен достарыма берікпін. Тіпті, Қарақатпен үш жарым жыл кездессек те, оның қолынан да ұстап көрмеппін. Өмірімді өтірік пен алдауға арнағым келмейді", - дейді Қыдырәлі Болманов сұхбатында.

Бұған дейін желіде Қыдырәлі Болмановтың тоқалы бар екендігі туралы мәлімет тараған еді. Ал кейінрек, Қарақат Әбілдинамен отбасы құрғанға дейін үйленгендігі жайлы да ақпарат шықты. Бірақ продюсер олардың бәрі өтірік екенін айтты.

Пікірлер

  • нурдана
    Уят емеске келгенде айтты гой, Бул жерде Каракат токал.

Пікір жазу