Түсініксіз тілде рэп оқитын МС Сайлаубек әп сәтте ғаламтор жұлдызына айналып, есімі ел ішінде аса танымал болып үлгерді. Оның өнеріне тамсанған шоу-бизнес өкілдері жайлы да жазған болатынбыз.
Бұл жолы, атышулы Сайлаубек, «KZ» тобының экс-мүшесі Бейбіт Қошқалиевке видео жолдады. Жазбада Сайлаубек мырза, әншінің түсіргелі жатқан жаңа бейнебаянына сәттілік тіледі.
Бейбітке хабарласып мән жайды сұрағанда, ол «Жуырда Ғалымбек Исамбергеновтың «Қайтесің жаным өзгені» әніне клип түсіремін, оған МС Сайлаубек те түсіп қалар»,- деп жауап қатты.
Айта кетерлік жайт, танымал екі «жұлдыз» да Атырау облысынан. Жерлестер бірін-бірі қолдаса несі айып? Көпшіліктің қызу талқысына түскен Сайлаубек расында да Бейбіттің клипіне түсе ме?
Жаңа бейнебаянды асыға күтеміз.




анса
27.04.2015 , 15:03
Сайлаубекке тек табыс жарқын болашак тилеймин!