Өнердегі достары мен бірқатар шәкірттерін сахнаға алып шыққан Өктем мырза, 90-шы жылғы хит әндерді шырқады. Оған қоса елдің жадына жатталған халық әндерін де нақышына келтіріп отырдады. Өктем Алтаевтан бөлек кеште Мақпал Жүнісова, Абай Бегей, Алтынай Жорабаева, «Азия» және «ДиетаKZ» топтары мен Нұрлан Еспанов, Серікбол Сайлаубек т.б. эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Кештің ең әсерлі сәті - Өктем мырзаның анасымен шырқаған дуэті болды. Әнші: «Өнер әлеміне қадам басуым анамның арқасы. Жалпы маған әншілік анамыздан дарыған»,- дейді.
Көпшіліктің жүрегіне «Жаным» әнімен төте жол тапқан Өктем Алтаев елімізде ең алғаш болып бейнеклип түсірген орындаушылардың бірі. Ең қызығы ол, қоржынындағы әндердің нақты санын білмейтін болып шықты. Есесіне, жаңа әндеріне бейнеклип түсіруді жоспарлап отыр. Жасы жарты ғасырға жақындаған Өктем Алтаев есеп беру концертін еліміздің барлық аймақтарында өткізбек.

Пікірлер