Гостиницы в Алматы
2017-05-22 12:47:42 22 0

«Шахматтан Қытай елінде өткен «Азия чемпионатында» қазақстандық Нахбаева Гүлісхан Сайфулинқызы күміс жүлдегер атанды. Алдағы уақытта өтетін әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғайтын болады»,-деп хабарлайды baistars.kz Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.

Гүлісхан осы уақытқа дейін, «16-18 жасқа дейін қыздар арасында Азия» 2 мәртелі Чемпионы, «Азияның жасөспірімдер арасында вице-чемпионы», «London chess Classic 2012» турнирдің жеңімпазы, «2013 жылы 3.4. аймақтық чемпионатының» жеңімпазы, «2011-2013 жж. Қазақстанның әйелдер арасында» үш мәртелі және қазіргі чемпионы атанған.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайдың Ченду қаласында өткен  «Азия чемпионаты» мамырдың 20-на аяқталған болатын. Еліміздің чемпионатқа 4 қатысушы аттанған болатын.

Пікір жазу