Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында төл спортымыз қазақ күресінен жарыс өтті. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен өткен Африка чемпионатына 15 мемлекеттен келген ең мықты балуандар бақ сынады. Аталған додада жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар және бағалы заттар табыс етілді. Бұл жайында ҚазАқпарат хабарлады.
Жарыстан кейін Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Серік Төкеев журналистерге берген сұхбатында құрлық чемпионатының деңгейі жылдан жылға өсіп келе жатқанын атап өтті.
Айта кететіні, биылғы жылы өткен сайыстың басты ерекшелігі екі салмақ дәрежесі бойынша әйелдер арасында белдесудің өтуі.