Гостиницы в Алматы
2017-09-12 12:28:35 73 0

«Астана-рухы мықты жандардың қаласы» жобасы аясында «Тең мүмкіндіктер әлемі» акциясы өтті. Шара кезінде мүмкіндігі шектеулі балалар айналысатын спорттық секциялар ұсынылды. Бұл жайында  елордалық әкімдіктің медиа орталығы хабарлады.

Қазіргі уақытта М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында мүмкіндігі шектеулі балалар айналысатын спорттық секциялар -бейімделген каратэ және жүзу үйірмесі жұмыс істейді.

Сенбі күні оқушылар сарайына «Тең мүмкіндіктер әлемі» акциясы аясында қала әкімі Әсет Исекешев, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Сапаров, үкіметтік емес ұйым өкілдері келді.

Қонақтар каратэ залын көріп, мүмкіндігі шектеулі балалардың жаттығуын қарады. Сондай-ақ мүгедек балалар жүзетін бассейінді көрді.

Шараның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балаларды бұқаралық спортқа тарту, бейімді спортты дамыту, оқу, білім, медициналық және мемлекеттік мекемелерді мүгедектер ортасына бейімдеу.

Шараны «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы, «Тең мүмкіндіктер әлемі» мүгедектігі бар балалардың ата-аналар қауымдастығы, «Асыл бала» республикалық ассоциациясы ұйымдастырды.

Пікір жазу